Округ атауы

Округ әкімінің Т.А.Ә.

Өткізетін күні, айы, жылы

Елді-мекен атауы

1

Шаған ауылдық округі

Мурзакаев Мақсот Макаремұлы

21.01.2020 ж.

с 10-00

Жаңа Өмір а., ауылдық округ әкімі аппараты ғимараты

 

Округ атауы

Округ әкімінің Т.А.Ә.

Өткізетін күні, айы, жылы

Елді-мекен атауы

1

Шаған ауылдық округі

Мурзакаев Мақсот Макаремұлы

15.01.2020 ж.

с 15-00

Социализм а., мектеп ғимараты

15.01.2020 ж.

с 17-00

Бекей а., мектеп ғимараты

 

р/с

Елді мекеннің атауы

Ұсыныстар, сын-пікірлерге арналған жәшіктердің орналасқан жері

Жәшіктердің  саны

1.

Социализм

Социализм а., мектеп ғимаратында

1

2.

Бекей

Бекей а., медпункт

1

3.

Жаңа Өмір

Жаңа Өмір а., ауылдық округ әкімі аппаратының ғимаратында

1

 

Бюджет және салықтар:

Меншікті бюджет – 47 664 000,00 теңге,

Салықтар - 6 690 338,94 теңге.

2019 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 10,4 трлн теңгені құрады. Оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) бойынша жинақтар сомасы – 10,2 трлн теңге; міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша жинақтар сомасы – 233,6 млрд теңге және ерікті зейнетақы жарналары бойынша (ЕЗЖ) жинақтар сомасы - 1,9 млрд теңге болды.

«БЖЗҚ» АҚ стратегиялық міндеттерінің бірі – халық арасында ақпарат беру-түсіндіру жұмыстарын белсенді түрде жүргізу. Аталмыш шара қаржылық сауаттылықты, БЖЗҚ-ның көрсететін қызметтері, зейнетақы жүйесі, зейнетақы заңнамасындағы өзгерістер, зейнетақы активтерін басқару бойынша инвестициялық қызметтің нәтижелері, дербес зейнетақы жинағын қалыптастыру туралы хабардарлықты арттыруға бағытталған. Бұл міндеттерді жүзеге асыруда бұқаралық ақпарат құралдарының атқаратын рөлі өте зор. Осыған байланысты Қор мамандары БАҚ өкілдері, журналистика факультеттерінің студенттері және блогерлер үшін Қаржы журналистикасы мектебі үлгісінде дәрістер жүргізіп жатыр. Басты тақырып: «Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы қажетті мағлұматтар».

Тағы 126 елдімекеннің тұрғындары БЖЗҚ қызметтерін «Қазпошта» АҚ бөлімшелері арқылы алуға қол жеткізді.

Ағымдағы жылдың сәуірінде Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры мен Қазпошта еліміздің шалғай орналасқан елдімекендерінің тұрғындарын зейнетақы қызметтерімен қамту үшін бірлескен жобаны іске қосты. Ол БЖЗҚ салымшылары мен алушыларына Қазпошта бөлімшелері арқылы қызмет көрсетуге бағытталған.

2019 жылдың басынан бастап Қазақстан заңнамасында жаңа жаңалық - Бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) енгізілді. Оны енгізудің басты себебі – бейресми жұмыспен қамтылған тұлғалардың қызметін тіркеуді жеңілдету.

Зейнеткерлік жасқа толған және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында зейнетақы жинақтары бар, бірақ қандай да бір себептермен оларды алмаған адамдар «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының бөлімшесіне жүгінуі қажет. Бұл ретте БЖЗҚ 2018 жылдың қазан айына дейін зейнеткерлік жасқа толған азаматтардың зейнетақы жинақтарын алу үшін Қорға, ал мемлекеттік бюджет есебінен базалық және ортақ зейнетақыны алу үшін Мемлекеттік корпорацияға жүгініп келгенін еске салады.

Зейнетақы активтерінің табыстылығы инфляциядан жоғары

2019 жылдың 1 тамызына қарай жарналардың барлық түрі бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 10,17 трлн теңгені құрап, жыл басынан бері 8 пайызға, ал бір жыл ішінде 1,6 трлн теңгеге немесе 19 пайызға өсті.

2019 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша БЖЗҚ қызметінің негізгі көрсеткіштері сенімді оң динамиканы көрсетеді: 2019 жылдың 1 шілдесіне қарай зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 9,99 трлн. теңгені құрап, жыл басынан бері 7% - ға немесе 615 млрд.теңгеге ұлғайды.